$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Екі мың студенттің қатысуымен Алматы облысы Талғар ауданында чемпиондармен таңғы жаттығу өтті

13.10.2025ж. 19:00
Екі мың студенттің қатысуымен Алматы облысы Талғар ауданында чемпиондармен таңғы жаттығу өтті

Екі мың студенттің қатысуымен Алматы облысы Талғар ауданында чемпиондармен таңғы жаттығу өтті. Іс-шараға Қанат Ислам, Жасұлан Қыдырбаев сынды олимпиада жүлдегерлері қатысып, спорт әлеміндегі табандылық пен қиындықтар жайлы әңгіме өрбітті. «Чемпиондық рух» жобасы – «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» Жастар қанатының бастамасымен спортшыларды жігерлендіріп, қабілеттерін шыңдауға үлес қосу мақсатында жүзеге асқан бағдарлама. Айта кетейік, бұл іс-шара Алматы облысының барлық аудандарында кезең-кезеңімен өткізілетін болады. 

ДАНИЯР ҚАСҚАРАУОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Жобаның негізгі мақсаты – осы өңірлерге келіп, жастарды жинап, жастарды салауатты өмір салтына бағыттау мақсаты. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде жолдауында айтып кеткен, есірткіге қарсы күрес қазір өкінішке қарай қазір елімізде қатты белең алып отыр. Соған жұдырықтай жұмылып, бірлесіп бәріміз қарсы тұруымыз керек.