$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Ескі дерекпен ертеңге бару қиын" - сарапшы

"Ескі дерекпен ертеңге бару қиын" - сарапшы

Жер қойнауы - ел экономикасының стратегиялық саласы. Алайда Қазақстандағы пайдалы қазбалар қоры туралы мәлімет ескі әрі толық емес. Президент өз Жолдауда осыны ашық айтқан еді. Енді жер қойнауын заманауи әдіспен зерттеп, нақты әрі өзекті геологиялық карта жасау керек. Сарапшылардың айтуынша, бұл тек табиғи ресурстарды тиімді игеру үшін емес, салаға инвестиция тарту үшін де маңызды. Себебі шетелдік инвестор ең алдымен геологиялық дерекке қарайды. Ал біздегі көптеген мәлімет әлі де қағаз түрінде сақтаулы.

РҮСТЕМ БЕКТҰРУМОВ, ҚОЛДАНБАЛЫ ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ЭТНОМЕДИАТОРЫ:

Бүгінде геологиялық карталар интерактивті, 3D форматта жасалады. Олар жердің беткі қабатынан бастап, тереңдегі құрылымына дейін нақты көрсетеді. Бізде ондай жүйе әлі қалыптаса қойған жоқ. Ал Президент айтып отырған бастама - осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған. Заманауи карта - бұл ғылым мен экономиканы қатар дамытуға мүмкіндік беретін құрал. Ол үшін геологиялық барлау жұмыстарын цифрландыру, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектті кеңінен енгізу қажет.