$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ұлт тағдырына деген жауапкершілікті әрбір қазақстандық сезіне білуі керек

13.10.2025ж. 19:00
Ұлт тағдырына деген жауапкершілікті  әрбір қазақстандық сезіне білуі керек

Республика күні – елдіктің, тәуелсіздіктің тірегі.Оның  мәнін түсіну, ел мен ұлт тағдырына деген жауапкершілікті сезіну әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы. Әсіресе өскелең ұрпаққа түсіндіру өте маңызды. Тобыл өңіріндегі оқу ордаларында осы мақсатта келелі істер  атқарылып отыр. Тарихшылар мен ұстаздар қауымы жастарға жол көрсетіп, жан-жақты түсіндіру жұмыстарын тоқтатқан емес. Олар Республика күніне қатысты дәріс оқып,  Ұлттық мерекені ұлықтап, дәріптеп келеді. Ұлт, ел тағдыры – ең қастерлі ұғым. Елдікті сақтау, тұрақтылық пен тәуелсіздікті нығайту жолында жанашырлық танытып, жауапкершілікті сезіну әр азаматтың борышы.

РУСЛАН ЖҮСІПОВ, ТАРИХШЫ:

Елдің тағдырына байланысты жауапкершілікті сезіну үшін олардың бойларына бірінші кезекте біз білімді, тәрбиені, Ұлттық мүддені қорғау,сонымен қатар өзіміздің бұрыннан ата-бабадан қалыптасқан  салт-дәстүр, діні мен тіліне берік  болу, бұның барлығы да ұлттың тағдырына қатысты өзекті мәселелердің бірі. Сол себепті әрбір жас осы қасиеттерді, құнды сезімдерді бойларына сіңіріп, сезіне білуі керек.