$541.34 €640.73 ₽6.53
×

5 мыңнан астам адам жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударды

13.10.2025ж. 20:15
5 мыңнан астам адам жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударды
Фото: pixabay.com

Елімізде еңбек ресурстарының теңгерімін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып жатқан ерікті қоныс аудару бағдарламасы аясында биыл 5 213 адам солтүстік және шығыс өңірлерге көшіп барды, деп хабарлайды Astana TV.

Бұл туралы 1 қазанға дейінгі деректер негізінде хабарланды. Қоныс аударушылардың ішінде 1 725 қандас және 3 488 ішкі көші-қон қатысушысы бар. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 9 653 адамға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Қоныс аударушылар ең көп орналасқан өңірлер: Павлодар облысы – 1 886 адам Солтүстік Қазақстан облысы – 1 516 адам Қостанай облысы – 575 адам

Көшіп келген қандастардың басым бөлігі Өзбекстаннан (612 адам), Қытайдан (563), Моңғолиядан (377), сондай-ақ Ресейден (84) және Түрікменстаннан (49) келген. Қоныс аударған азаматтар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру, өнеркәсіп және өзге де салаларда еңбек етуде.