$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Автобус жолдан шығып кетіп, 40-тан астам адам қаза тапты

13.10.2025ж. 21:28
Автобус жолдан шығып кетіп, 40-тан астам адам қаза тапты
Фото: enco.com

Оңтүстік Африка Республикасында соңғы жылдардағы ең ірі жол апаты болды. Махадо қаласы маңында жолдан шығып кеткен автобустан 40-тан астам адам қаза тапты, ондаған адам жарақат алды. Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Astana TV.

Қайғылы оқиға салдарынан кемінде 40 адам көз жұмып, тағы ондаған адам жарақат алды. Апатқа қалааралық автобус себеп болған.

Оқиға 13 қазан күні Лимпопо провинциясындағы Махадо қаласының маңындағы N1 тас жолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус Гкеберхи қаласынан (бұрынғы Порт-Элизабет) Зимбабве астанасы Хараре қаласына бағыт алған.

Қазіргі таңда апаттың нақты себебі анықталған жоқ. Болжам бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, автобус жолдан шығып кеткен. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін жедел қызмет өкілдері, дәрігерлер мен полиция оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Жергілікті билік өкілдері апат себептеріне қатысты тергеу басталғанын, ал қаза болғандар саны ақпарат нақтыланған сайын өзгеруі мүмкін екенін хабарлады.