$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Экономиканың орнықты өсуі үшін өнеркәсіп, құрылыс, сауда және көлік сияқты негізгі салаларда өсу қарқынын одан әрі арттыра түсу керек -Олжас Бектенов

14.10.2025ж. 11:23
Экономиканың орнықты өсуі үшін өнеркәсіп, құрылыс, сауда және көлік сияқты негізгі салаларда өсу қарқынын одан әрі арттыра түсу керек -Олжас Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар бағытта, оның ішінде өнеркәсіп, құрылыс, сауда және көлік сияқты негізгі салаларда өсу қарқынын одан әрі арттыра түсу керек екенін атап өтті. Жалпы ішкі өнім өсімі 6,3%-ды құрап отыр.
 

«Өңдеу өнеркәсібіндегі ахуал басты назарда болуы тиіс.
Жылдың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін барлық резервті пайдалану қажет.
Қабылданып жатқан шараларды жүзеге асыру және сол арқылы экономикалық өсу көрсеткіштеріне қол жеткізу жергілікті жерлерде қамтамасыз етіледі.
Сондықтан әкімдер тарапынан барлық саладағы жағдайдың тікелей бақылауға алынуы – аса маңызды мәселе.
Негізгі макрокөрсеткіштер бойынша 11 өңірде оң динамика қалыптасты»,- деп атап өтті Олжас Бектенов.