$541.34 €640.73 ₽6.53
×

AqylTech және IT-Aiel бағдарламалары 2025 жылы рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді

14.10.2025ж. 16:47
AqylTech және IT-Aiel бағдарламалары 2025 жылы рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді

Қазақстан бойынша 11 мыңнан астам адам AqylTech және IT-Aiel бағдарламалары шеңберінде онлайн және офлайн оқытудан өтті. Қатысушылар қаржылық, цифрлық сауаттылық, киберқауіпсіздік және кибербуллингтен қорғау бойынша тегін білім алды.

«Бұл бағдарламалар жасанды интеллект саласындағы цифрлық дағдылар мен кәсіптерді дамыту арқылы әйелдерді қолдауға, сондай-ақ оларды экономикаға тартуға бағытталған», – деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Азиза Шөжеева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.