$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Парламентті реформалау Сенатты таратуға емес, еліміздің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға бағытталған",-Е. Қарин

"Парламентті реформалау Сенатты таратуға емес, еліміздің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға бағытталған",-Е. Қарин

Парламентті реформалау Сенатты таратуға емес, еліміздің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға бағытталған. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин   әлеуметтік желідегі парақшасында саяси жүйені одан әрі жаңғыртуға бағытталған қадам туралы жазды. 

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Жұмыс тобының міндеті – Парламенттік реформа бойынша ұсыныстар әзірлеу. Сол ұсыныстардың негізінде Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасы дайындалып, кейін республикалық референдумға шығарылады. Мемлекет басшысы атап өткендей, түптеп келгенде алдағы өзгерістер мен толықтырулардың ауқымы жаңа Конституция қабылдағанмен бірдей.