Бір палаталы Парламент құру – уақыт талабы. Жаһандану дәуірінде бір орында тұруға болмайды. Депутаттар бір палаталы парламент қалыптастыру арқылы бұл жүйеге өзгерістер енеді, дейді. Дәлірек айтқанда, халық алдында жауапкершілік еселеп артады әрі заң жобалары тез қаралады.
ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Мемлекет басшысы 2019 жылдан бері саяси реформалардың ірі пакетін ұсынып келеді. Олардың ең негізгісі 2022 жылы Президенттің өкілеттілігі бойынша біраз реформа жасалған. Ал қазіргі, мына, Парламенттік реформа соның жүйелі жалғасы.
Расымен, бір палаталы парламент жаһанда жаңалық емес. Қазір әлем елдерінің тәжірибесінде оң бағаланып отыр. Осылай деген сарапшылардың бұл өзгеріс заң шығару процесін жеңілдетететінін айтады. Яғни, тиімді.
АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бір палаталы парламент негізі унитарлы мемлекеттерде құрылған. Өйткені аймақтарға бөлінбейді. Әсіресе халық саны аз мемлекеттерге бір палаталы жүйе өте тиімді. Бұл біздің еліміз үшін өте маңызды саяси қадам деп білемін.