$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Бір палаталы Парламент басқару жүйесін жеңілдетеді",-тұрғын

14.10.2025ж. 19:00
"Бір палаталы Парламент басқару жүйесін жеңілдетеді",-тұрғын

Қазақстандықтар  Бір палаталы Парламент басқару жүйесін жеңілдетеді дейді. Заң шығарушы органның шешім қабылдау үдерісі жеделдей түседі. Бұл қаржыны үнемдеуге де септігін  тигізбек.

БЛИЦ:

- Заңдарды бір органда талқылап, сол жерде бекіткеннен кейін ол шапшаңдатылады. Яғни, жеделдік үшін. Сонымен қатар жауапкершілікті нығайта түседі деп ойлаймын. Өйткен себебі бір палаталы парламент заң қабылдағаннан кейін сол палата сол заңға жұмыс істеу үшін жауап беретін болады.

- Парламент заң шығаратын орган болғандықтан, оның құрамы заңгерлерден болса екен деймін. Сонда ғана заңдар өзгеріске ұшырамай, сапалы болады деп есептеймін. 

- Бұл реформалар елдегі саяси жүйені жетілдіруге бағытталған маңызды қадам деп білемін. Бір палаталы Парламент болған жағдайда кез келген заң жобалары, шешімдер тез қабылданатын болады. Және де басқару мен әкімшілік шығындары азаяды.