$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда қазына қаржысын жымқырған экс-шенеунік пен мердігер сотталды

14.10.2025ж. 19:00
Павлодарда қазына қаржысын жымқырған экс-шенеунік пен мердігер сотталды

Павлодарда қазына қаржысын жымқырған экс-шенеунік пен мердігер сотталды. Ақсу қаласы құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы мен мердігер 290 млн-нан астам теңгені қалтаға басқан. Ол қызмет бабын пайдалана отырып, «Ауыл ел –бесігі» бағдарламасы бойынша Алғабас, Еңбек, Жолқұдық, Пограничник ауылдарына салынып жатқан спорт кешенінің актілеріне заңсыз қол қойған.  Салдарынан нысандардың құрылыс жұмысы аяқталмай қалды. Шаһардың мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын талан таражға салу ісі бойынша үкім шығарды.

АГИДЕЛЬ ИБРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, Б және Ж-ға 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Сотталғандар мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге байланысты лауазымдармен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.