$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ойылда 9-сынып оқушысы босанды: полиция қылмыстық іс қозғады

AstanaTV
14.10.2025ж. 19:00
Ойылда 9-сынып оқушысы босанды: полиция қылмыстық іс қозғады

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 9-сынып оқушысы босанды. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынды.  Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының тікелей бақылауында. Белгілі болғандай, қыз бала толық емес отбасында тәрбиеленген. Ата-анасы ажырасқан, анасымен бірге тұрады.  Күдіктінің жасы 64 те. Ол оқушының әжесінің заңды некедегі  күйеуі.  Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр. Қазір жасөспірім дәрігерлердің бақылауында, оған психологиялық көмек көрсетілуде. Білім басқармасының мәліметінше, жағдайы түзелген соң ол оқуын жалғастырады. Өзге мәлімет тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

НҰРГҮЛ БЕРТІЛЕУОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бірінші мамыр айында, жоспарлы скринингтен өткен. Одан кейін жазғы лагерьге демалысқа барардың алдында профилактикалық тексеруден өткен және сонымен бірге денсаулығына байланысты медициналық тексеруден өткен. Олардың ешқайсысында да жүктілік белгісі байқалмаған.