$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Жүргізуші ер адамды әдейі қағып кетті", - куәгерлер

14.10.2025ж. 19:00
"Жүргізуші ер адамды әдейі қағып кетті", - куәгерлер

«Көлік жүргізушісі ер адамды қасақана қағып кетті». Алматы қаласы Жетісу ауданында аулада болған апатты көрген куәгерлер осылай деп дабыл қақты. Темір тұлпардың тізгіншісі алдымен артқа жүріп, одан соң бар жылдамдықпен оңға бұрылып, жаяу жүргіншіні оңбай құлатады. Куәгерлер көршілерінің бұл әрекетті әдейі жасағанына сенімді. Жәбірленуші қазір ауруханада ем алып жатыр.   Күдікті қазір уақытша оқшаулы абақтыда отыр. Оның кінәсі анықталса, 3 жылдан 7 жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Екі көрші ер азаматтың арасында жанжал туындады. Нәтижесінде оның бірі автокөлігіне мініп, екіншісіне дене жарақаттарын келтірді. Қылмыстық кодекстың 106-бабының 1 тармағы бойынша «Қасақана дене жарақаттарын келтіру дерегі» бойынша қылмыстық іс қозғалды.