Үшінші дүниежүзілік соғыс болмайды. Ол тек менің арқамда. АҚШ Президенті Мысырда осылай деді. Трамптың қатысуымен Таяу Шығыс елдері мен Үлкен жетілікке кіретін алпауыттар Газа секторы бойынша бейбіт келісімге қол қойды. Соңғы Израильдік және Палестиналық тұтқындар үйлеріне оралып, жақындарымен жүздесіп жатыр. Толығырақ Еркелді Тілеуқұл баяндайды.
Таяу Шығысқа бейбітшілік сыйладым. АҚШ Президенті осылай дейді. Мысырда Газа секторындағы соғысты аяқтайтын бейбіт келісімге қол қойылды. Саммитке барлық-дерлік араб елдері мен алпауыт мемлекет басшылары жиналды. Израиль астанасы – Тель-Авивте жүзмыңдаған адам көшеге шығып, соғыстың аяқталғанын тойлап жатыр. Трамп, болса Мысырға келе сала, екіжақты кездесулер де өткізді. Әріптестеріне: «Енді тыныш ұйықтасаңдар болады», - деп қайталаудан да шаршамады.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Осы күнді жақындату үшін мыңдаған адам жұмыс істеп, миллиардтаған адам дұға жасады. Менің командам бір ай ішінде адам сенгіссіз нәрсе істеді. Қазірдің өзінде бір күнде жүздеген жүк көлігіне азық-түлік пен дәрі-дәрмек артылып жөнелтіле бастады. Оны да мен төледім. Жалпы, мен және менің командам Үшінші Дүниежүзілік соғыстың алдын алды. Жүз жыл бейбітшілік болмаған Таяу Шығысқа да тыныштық сыйладым.
Израиль жауап ретінде өз түрмелерінен 2000 астам адамды босатты. Олардың ішінде Газа тұрғындары да, Палестина тұрғындары да бар. Қазір олардың алғашқы легі өз үйлеріне жетіп үлгерді. Франция де, бұл соғыс тек Трамптың арқасында тоқтағанын айтуда.
ЭММАНУЭЛЬ МАКРОН, ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:
Мен осыдан бірер апта бұрын бір жиналысты осы соғысты тоқтата алатын тек бір ел бар екендігін айтқанмын. Ол – АҚШ. Әлбетте, Президент Трамп шешім қабылдады және ол шешімін барлығына орындатты. Енді ары қарай да Палестинаның тәуелсіздігін қорғау әрі қолдау үшін де Трамптың шешімі керек.
Айта кетейік, бейбіт саммиттегі келісім бойынша Тәуелсіз палестинаны құру мәселесі де шартта бар. Дегенмен, оның нақты мерзімі де, болашақ мемлекеттің аумағы да белгіленбеген.