Қарағанды облысында 60- қа тарта инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді. Оларда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы мамандар көмектеседі. Облыста осындай 18 мыңнан астам оқушы бар. Қарағанды қаласындағы Әл-Фараби атындағы мектеп гимназиясында да инклюзивті қолдау кабинеті ашылған болатын. Мұндағы балалар өз қатарластарымен бірге кәдімгі жалпы білім алады. Оларға қоғамға бейімделуге әлеуметтік педагог, психолог, логопед және дефектологтар көмектеседі. Мамандардың айтуынша, мұндай кабинеттердің ашылуы ерекше балалар үшін өте маңызды. Өздеріне дос табады, сүйікті істерімен айналысып кейін белгілі бір мамандық алуға мүмкіндік береді. Тіпті қатарластарының арасында өздерін бақытты сезіндіретін болған.
ЖАРҚЫН РАХМЕТУЛЛИНА, ҚАЛАЛЫҚ ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ ИНКЛЮЗИВТІ ҚОЛДАУ КАБИНЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Нәтиже бар. Балалардың мінез- құлықтары жақсарған. Көп прогресс бар оқу жағынан, осы қоғамға бейімделу жағынан. Ерекше бала деп қабылдамайды қатарластары, кәдімгі норматипичный бала дейміз ғой дәл сол сияқты балалармен сөйлеседі, амандасады. Қазіргі балалардың қабылдауы басқаша, жақсы қарайды балаларға бір сөзбен айтқан кезде.