$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қостанайда елден шығару туралы сот шешімін орындамай, жасырынып жүрген шетелдік азамат ұсталды

Қостанайда елден шығару туралы сот шешімін орындамай, жасырынып жүрген шетелдік азамат ұсталды

Қостанайда елден шығару туралы сот шешімін орындамай, жасырынып жүрген шетелдік азамат ұсталды. Қостанай облысында "Заңсыз келуші - 2025" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда.

Іс-шараның мақсаты – көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ шетел азаматтарының Қазақстан аумағында заңсыз тұруы мен еңбек қызметін болдырмау. Бар болғаны екі күн ішінде полицейлер көші-қон заңнамасын бұзудың 100-ден астам дерегін анықтады. Оның ішінде 76 шетел азаматы Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, 25 қазақстандық шетел азаматтарының өздерімен бірге тұрып жатқандығы туралы ішкі істер органдарына хабарламаған, ал 7 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, тексерулер кезінде басты назар тұрғын үй алқаптары, жатақханалар мен саяжайлардағы үйлерге аударылған. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күші заңсыз пайдаланылуы мүмкін шалғай аймақтарда - шаруа қожалықтарында, егіс алқаптарында және мал жайылымдарында да күшейтілген бақылау жүргізілуде. Іс-шара барысында облыс орталығында көрші мемлекеттердің бірінің 24 жастағы азаматы ұсталды. Ол биылғы сәуір айынан бастап құқық қорғау органдарынан жасырынып, соттың елден шығару туралы шешімін орындамаған. 13 қазан күні полицейлер оның нақты мекенжайын анықтап, ұстап, Қостанай қаласының арнайы қабылдағышына жеткізді. Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен оған 30 тәулікке еркін жүріп-тұру құқығын шектеу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, кейін оны елден мәжбүрлеп шығару көзделген. Қазіргі уақытта шетелдік азамат сот шешімінің орындалуын және полиция қызметкерлерінің мемлекеттік шекараға дейінгі ілесіп жеткізуін күтуде.

Айта кетейік, "Заңсыз келуші - 2025" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы 13–17 қазан аралығында өткізіліп, көші-қон бақылауын күшейтуге, заңсыз мигранттарды анықтауға және еңбек заңнамасының бұзылуына жол бермеуге бағытталған.