Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге әлеуметтік кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау шараларының тиімділігіне қатысты депутаттық сауал жолдады.
«Әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер қағаз жүзінде бар, бірақ өңірлерде орындалмай отыр. Жергілікті билік заңды өз қалауынша түсіндіріп, бірыңғай тәртіп сақталмай отыр. Ал кәсіпкер, әкімдік, Үкімет үштігі ұғыса алмай жүргенде мүгедек жандар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, аз қамтылған, толық емес немесе көпбалалы отбасының мүшелері жұмыссыз, нәпақасыз отыруға мәжбүр», – деді депутат.
Сәрсенғалиев Үкіметті әлеуметтік кәсіпкерлерге берілетін жеңілдіктердің бірыңғай тетігін бекітіп, барлық өңірде бірдей қолдау көрсетуге шақырды.