$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Astana Think Tank Forum: сенім мен серіктестікке жаңа көзқарас

Astana Think Tank Forum: сенім мен серіктестікке жаңа көзқарас

Әлемдік саясаттағы тұрақсыздық пен жаңа қауіптер жағдайында диалог пен серіктестіктің маңызы арта түсті. Астанада өткен Astana Think Tank Forum осы өзекті мәселелерге арналды. 20 елден келген сарапшы халықаралық қатынастар, қауіпсіздік, экономика және технология салаларындағы сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылады.

АҚБОТА БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Әлем өзгеруде. Геосаяси жағдай күрделеніп, климат, көші-қон және жасанды интеллект секілді өзекті тақырыптар Астанада өтіп жатқан Astana Think Tank Forumы алаңында талқыланып жатыр. Форумға 20 елден келген 40-қа жуық сарапшылар мен саясаткерлер қатысып, жаһандық тұрақтылық пен серіктестік жолдарын қарастыруда.

ДӘУРЕН ӘБЕН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ядролық қауіпсіздік мәселелері, ядролық таратпау, қарусыздану, сонымен қатар орталық Азияда болып жатқан өзгерістер, осы өңірдің мемлекеттер бір-бірімен қалай ынтымақтастықты дамытып жатыр, сонымен қатар Орталық Азия мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынасты да талқылаймыз.

Форум аясында алғаш рет InsightsCentral.Asia (инсайтсцентролейша) атты цифрлық ғылыми платформа таныстырылды. Бұл – Орталық Азия елдерінің сарапшылары мен ғалымдарына арналған бірыңғай зерттеу кеңістігі. Онда ғылыми мақалалар, аналитикалық шолулар мен халықаралық зерттеулер ортақ дерекқорға біріктіріледі. 

АЙГҮЛ КӨШЕРБАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ҒЫЛЫМИ ХАТШЫСЫ:

Бұл платформа аймақ сарапшыларына өз зерттеуін жариялап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Яғни, бұл – Орталық Азиядағы білім мен сараптаманың ортақ цифрлық хабы.

Ядролық қауіпсіздік, экономикалық өзара байланыс, цифрландыру мен климаттың әсері секілді күрделі мәселелер де талқыланып жатыр.  Айтылған пікірлер – жаһандық саясатта өзара сенім мен диалогтың маңызын айқындай түсті. 

ЖАНДОС ШАЙМАРДАНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ДИРЕКТОРЫ:

Біз бұл жерде тақырыптарды тек талқылап қоймаймыз, біз ортақ есеп жасаймыз. Forum бүгінде халықаралық деңгейдегі сараптамалық алаңға айналды. Мұнда айтылған ұсыныстар мен зерттеулер аймақтық саясат пен қауіпсіздікке нақты үлес қосады.

АҚБОТА БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Бұл -тек пікірталас емес, жаңа идеялар мен серіктестіктің бастауы. Мұнда көтерілген бастамалар болашақта аймақтың тұрақтылығы мен өзара сенімін нығайтуға ықпал етпек. Астана осылайша жаһандық диалогтың маңызды орталығына айналып отыр.