$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада XII Азаматтық форум өтті

Астанада XII Азаматтық форум өтті

Әділетті Қазақстан қоғам пікірін қалыс қалдырмайды. Ол пікірді биік мінберлерден айтып, билік назарын аударатын азаматтарға Мемлекет қолдау көрсетеді. Елордада 12-і Азаматтық форум басталды.  Еліміздің барлық өңірінен жиналған тәуелсіз құрылым өкілдері өзекті мәселелерді талқылауда.

Түйткілді мәселелерге көз жұма қарай алмайтын белсенді азаматтардың құзыреттілігін арттыру керек. Барлық-дерлік спикерлердің айтқаны осы болды. Себебі, әр органның жұмысына әділ баға беретін тәуелсіз құрылымға мемлекеттік қолдау ауадай қажет. Түрлі форматта 20-ға жуық алаңда жиналған жұрт азаматтар мен билік арасындағы диалогты дамыту тақырыбына пікір білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.

ЗУЛФУХАР ГАИПОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі жиынға Қазақстан Республикасының барлық өңірінен 263 делегат келді. Жалпы, көтеріліп жатқан мәселе өте өзекті деп ойлаймын. Өйткені, уақыт өзгеріп жатыр.

Азаматтың форумның алаңдарының бірінде экологиялық проблемаларға ден қойылды. Бұл салада оң өзгерістер жоқ емес. Десе де, қуануға әлі ерте, - дейді

АЙГҮЛ СОЛОВЬЕВА, ҚАЗАҚСТАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Біздің қол жеткізген бір жетістігіміз – ірі өнеркәсіптер зиянды қалдықтар туралы есеп береді. Біз экология министрлігімен бірлесе осы жұмысты іске асырдық. Қазір еліміздегі компаниялардың барлығы өз энерготиімділігін 40 пайызға асырды. Бұл да осы азаматтық қоғамның ел игілігі үшін істеген жұмысы деп мақтанып айта аламыз.

Жиын ертең де жалғасады. Үлкен пленарлық отырыс болып, қорытындысында қарар қабылданады.