Жетісу облысының ауылдарына таза ауызсу тарту жұмыстары қарқын алды. Үкімет Президент тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан бұл мақсатқа 480 миллион теңге бөлді. Қаражат Алакөл ауданы Қоңыр ауылында 17 шақырым, ал Қараталдың Ұмтыл елдімекенінде 4,8 шақырым су желісін салуға жұмсалады. Бүгінде өңірде тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге бағытталған 18 жоба іске асырылып жатыр. Айта кетейік, жыл соңына дейін 329 ауылды сумен қамту көзделіп отыр.