$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда көктайғақ салдарынан 100-ден астам адам жарақат алды

15.10.2025ж. 19:00
Павлодарда көктайғақ салдарынан 100-ден астам адам жарақат алды

Павлодарда көктайғақ салдарынан 130 адам дәрігер көмегіне жүгінді. Көпшілігі мұзға құлап, қол, аяғын ауыртып алған. Ал 12 адам жарақатының ауырлығына байланысты ауруханаға жатқызылды. Биыл өңірге қыс ерте келді. Қалыңдығы 10-15 см жеткен ал ұлпа тұрғындарды әуреге салды. Қыстың бұлай ерте келерін білмеген жұрт абдырап қалды. Көктайғақ кесірінен қалада жол апаттары да көбейген. «Павлодар-Семей» тас жолында жүк және жеңіл көлік соғылып, 2 адам көз жұмды. Шаһардың коммуналдық қызметі түні-түні жұмыс істеп жатыр. Қарды сыртқа шығарып, жолдарға құму себу жұмыстарын жүргізді. Қар тазалау жұмыстарына 300 арнайы техника шығарылған.  Оның150-і тұрғын үй аулаларын тазартады.

АЯН ҚАБАЕВ, №1 ЕМХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ- ОРТОПЕД ДӘРІГЕРІ:

Дәрігер көмегіне көбіне егде жастағы адамдар жүгініп жатыр. Олар құлаған кезде қолын қайырып алған. Тіпті тобығы тайып кеткен науқастар да бар. Ол кісілерге айтарымыз егер құлап қалып, жарақат алсаңыз бірден дәрігерге келу керек. Себебі, жарақат асқынып кету қаупі бар.