1990 жылы 25 қазанда Егемендік туралы декларация қабылданды. Бұл Декларация идеологиялық құжат ретінде адамдардың сана-сезіміне үлкен әсер етті. Қазақстанның тәуелсіздікке бастар жолындағы алғашқы және ең маңызды құқықтық қадамы болды.
БЛИЦ:
- Декларация мен өмірге келмес бұрын 15 жыл бұрын қабылданған құжат болатын. Адамдар оның құндылығын тәуелсіздікке бастар жол деп құжат ретінде білді. Декларацияда тәуелсіз елдің белгілері нақты көрсетілген. Яғни, ол жерде халықаралық қатынастар және де әскері, ұйымдары, бәрі де осы жерде көрсетілген.
- Әкемнің, үлкен кісілердің бәрінің арманы қашан өз алдымызға бір жеке ел боламыз, қашан армандарымызға қол жетеді еркіндікке дегенде 1990 жылы Декларация қабылданып, үлкендердің бәрі арманымызға, тілегімізге қол жетті ғой деп қуанып, жер-жерде үндемей жайлап, той жасап, бір-бірін қонақтыққа шақырып, ас беріп, солай етіп халқым шаттанды.