Жасанды интеллект алдағы уақытта биотехнология саласы мамандарының жұмысын жеңілдетуге едәуір көмектеседі. 20 елден жиналған 150-ден астам сарапшы жаһандық қауіпсіздіктегі өзекті тақырыптарды талқылады. Биотехнология мен биоинженериядағы жасанды интеллект, климаттың өзгеруі мен ауруларды бақылау мәселелері қазір өзекті. Сондықтан әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандар биологиялық қауіпсіздік пен қорғаныс салаларында ғылыми зерттеулер мен инновациялар бойынша халықаралық ынтымақтастықты арттыруды көздейді.
АЙБОЛАТ АБИТБЕКОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Лабораторияда өзінің протоколдары бар, қалай лаборанттар жұмыс істейді, қандай қауіпті жағдайлар туады, сол бойынша жасанды интеллект қолданылатын болады. Маскалар бар, перчаткалар бар, ол азайып қалуы мүмкін және оны сатып алу екі апта, үш апта алуы мүмкін. Жасанды интеллект соның бәрін санап отыра алады. Осыдан 1-2 айда қанша қолданылды және келесіде қанша қолданылады. Сол сияқты ақпаратты лаборанттарға жіберіп отырады.