$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елордада балаларға арналған алғашқы қазақ тілді Steppe games мобильді ойынының таныстырылымы өтті

Елордада балаларға арналған алғашқы қазақ тілді Steppe games мобильді ойынының таныстырылымы өтті

Елордада балаларға арналған алғашқы қазақ тілді steppe games мобильді ойынының таныстырылымы өтті. Жоба қазақ тілін оқытудың интерактивті әдістемесіне негізделіп, ойын арқылы тіл үйренудің тиімділігін арттыруға бағытталған. Қазақ тіліндегі сапалы цифрлық контентті дамытуға, ұлттық мәдени құндылықтарды дәріптеуге және мемлекеттік тілдің цифрлық кеңістіктегі әлеуетін арттыруды көздейді. Жоба ғылым және жоғары білім министрлігі тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша әзірленген.

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұл дәстүр мен техналогияның, қазіргі жасанды интелектпен біздің ұлттық кодымыздың үйлескен, тоғысқан жері деп айтуға болады. Біз өзіміздің дәстүрімізді, тарихымызды ертегі кейіпкерлерін, жалпы қаһармандарымызды балаларға ұғынықты жеңіл тілмен осылай насихаттау арқылы танысуға мүмкіндік берген жоба авторларына ризашылық білдіреміз.