Ұлттық мүддемізді қорғап, егемендігімізді нығайтуда Ассамблея жастары өлшеусіз үлес қосып келеді. Түрлі этнос өкілдері біріккен орта қоғамдағы кез-келген істе жұдырықша жұмылып, үн қосуда. Атырау облысында 20-ға жуық этномәдени бірлестік бар. Қазір жоғары және орта білім беретін 8 оқу орнында студенттік ассамблея құрылды. Онда белсенді жастар мемлекет құндылығын сақтауда құр ұранмен емес, нақты істермен айналысып жүр.
НҰРХАН БАҒЫТЖАНОВ, ҚХА «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ӨКІЛДІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Ассамблея жастары шыны керек, екінші отбасымыз болып танылды. Бұл жерде ұлтқа бөлінбей, дінге бөлінбей, барлық жастар бір отбасы ретінде қоғамға қандай пайда тиігіземіз, қандай да бір мәселелер бар деген сияқты осы ортаға қызмет етіп келеміз. Мысалға, су тасқыны кезінде де біздің еріктілер алдыңғы қатардан табылып, жаға бекітуге, гуманитарлық көмек қабылдау пунктерінде да еңбек етті. Соны президен Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өтті Ассамблея жастарының жұмысын.