Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен елордада ІІ Халықаралық Құран жарысы басталды. 2 күнге жалғасатын шара Республика күні мен Діни басқарманың 35 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Құранды толық жатқа оқу бойынша өтетін халықаралық байқауға 20-дан аса елден таңдаулылар қатысады. Қазақстан намысын 2 қари қорғайды.
ШОҚАН УӘЛИ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:
Елімізде мен осыған дейін құран жарыстарына қатыстым.Бірақ мен халықаралық құран жарысқа алғаш рет қатысуым,еліміздегі болып жатқан.Шетелде болып жатқан халықаралық жарыстарға мен 7-8 рет қатыстым.
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ, ТАҒАНҰЛЫ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ:
Құран секілді қасиетті кітаптардың бәрі вандализмнен құқықтық тұрғыда қорғалуы тиіс деген еді.Президентіміздің әлемдік мінберде айтқан бұл үдеуін бүкіл ислам әлемі зор қуанышпен қабылдады.