$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағандыдағы «Қамқорлық» ерте араласу орталығында 80-нен астам бала ем алады

15.10.2025ж. 19:00
Қарағандыдағы «Қамқорлық» ерте араласу орталығында 80-нен астам бала ем алады

Қарағандыдағы «Қамқорлық» ерте араласу орталығында айында  3 жасқа дейінгі 80-нен астам бала тегін ем алады. Олар- дамунда ақау бар сәбилер. Мұнда көбінесе церебральды сал, аутизм аурулары мен түрлі жарақат алған балалар оңалтудан өтеді. Орталық 2 жыл бұрын облыстық балалар ауруханасында ашылған.  Әлеуметтік жоба «Қазақстан халқына» қоры серіктестері «Қамқорлық қоры» және "Samruk-Kazyna Trust" қорларымен бірлесіп жүзеге асырылған.  Оңалту мекемесінде тұз шахтасы, шунгит бөлмесі, «Посейдон» иммерциялық ваннасы массаж, физиоемдеу және арнайы жабдыөталған логопед, дефектолог кабинеттері бар. Оларда балалар дәрігерлері, терапевтер, невропатологтар, реабилитологтар, психологтар мен жаттығу терапиясының нұсқаушылары жұмыс істейді. Мамандардың барлығы қайта даярлау және біліктілікті арттыру крустарын оқып бітірген.

ӘЛИЯ БОШАНОВА, АТА-АНА:

Емшараны өткеннен кейін сөздері көбея бастады. Денесі, әс- қимылы бәрі жақсы бола бастады. Бұл жерде массаж электрофарез аламыз. Қазірдің өзінде сөздік қоры қосылып жақсы сөйлеп келе жатыр.Осымен екінші рет келіп тұрмыз, әр бір үш ай сайын келеміз. Осындай орталықтар көп болса жақсы болушы еді.

НИНА ДЕРКАЧ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Балаларда 2,3 жасқа дейін белгілі бір әдеттерді қалыптастыру қабылеттері өте жоғары болады. Бұл уақытта оларды оңалту өте тиімді. Сондықтан біздің ең мықты деген мамандарымыз бүлдіршіндерді демеп, физио, массаж, түрлі емшара жасап емдейді. Балалар өздерінің жоғалтыр алған қабылеттерін қайтарып жатады. Біз әр жетістігімізге ата- аналармен бірге қуанамыз.