Инклюзивті спорт – тең мүмкіндік кепілі. Шымкентте ерекше форматтағы инклюзивті спорт фестивалі өтті.«Тең мүмкіндіктер әлемі» атты шараның мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларды спорт арқылы қоғам өміріне бейімдеп, олардың әлеуетін арттыру және тең мүмкіндік қағидатын кеңінен дәріптеу болып табылады. Фестиваль «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы мен қалалық Бочча федерациясы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. Балалар бочча, жеңіл атлетика, және көңілді старттар бағыттары бойынша өзара сынға түсіп, ерекше белсенділік танытты. Сайысқа 41 командада 120 дан астам бала бағын сынауда. Фестиваль мейірім мен түсіністікке, қолдау мен ынтымақтастыққа толы мереке іспетті. Ойынға белсене араласқан балалардың қуанышында шек жоқ.
ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл әрі қарай өзінің жұмысын жалғастыратын болады. Өйткені біз кедергісіз әлемді қалыптастыру мақсатында партияның бірден бір алға қойған мақсаты біз тең қоғам мүмкіндіктер әлемін құруымыз қажет деп есептейміз. Осы біздің қалалық деңгейде ұйымдастырып жатқан іс-шарадан жеңімпаз атанған командалар Республикалық деңгейде өтетін осы «Тең мүмкіндіктер әлемі» қатысатын болады.