$541.34 €640.73 ₽6.53
×

WADA президенті Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты

WADA президенті Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты

Қазақстанға ресми сапармен келген Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Банька Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылыс барысымен танысты.

Аталған кешен спорт саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналады және көпсалалы орталық ретінде қызмет етпек. Нысанның құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Университеттің салынуы Мемлекет басшысының спорт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып жатыр.

Ұлттық спорт университетінің инфрақұрылымы үздіксіз білім беруді қамтамасыз етеді. Мұнда ғылыми-зерттеу орталығы, медициналық-сауықтыру орталығы, колледж ғимараты, стадион, 1000 орындық жатақхана, жабық жеңіл атлетика манежі, олимпиадалық бассейн, спорт кешені және оқытушыларға арналған тұрғын үй корпусы қарастырылған.

Құрметті мейман университет құрылысына жоғары баға беріп, болашақта аталған оқу ордасынан тек Қазақстанның емес, әлемдік спортты өркендететін спортшылар мен мамандар шығатынына сенім білдірді.