$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«СҚ-Фармация» компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды – ҚМА

16.10.2025ж. 14:29
«СҚ-Фармация» компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды – ҚМА
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

«СҚ-Фармация» компаниясына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Женіс Елемесов мәлім етті, деп хабарлайды Astana TV Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

«Бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге деректерді жариялай алмаймын», – деді Елемесов Сенат кулуарында.

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура «СК-Фармация» компаниясына қатысты тергеу бастаған еді.