Блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс қылмыстыққа ауысты, деп хабарлайды Astana TV.
Судья әкімшілік істі тоқтатты, себебі материалдарда қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар. Іс Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.
Блогерлер әлеуметтік желіде заңсыз лотерея ұйымдастырды деген күдікке ілінген.