$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Блогер Justking31 ісі қаржылық тексеруге жіберілді

16.10.2025ж. 16:09
Блогер Justking31 ісі қаржылық тексеруге жіберілді
Фото: ашық дереккөзден алынды

Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Astana TV.

«Justking-ке қатысты материалдарды уәкілетті органға жолдадық. Олар аталған қызмет нәтижесінде қандай сомалар алынғанын және қанша қаражат жұмсалғанын анықтайды. Барлық факті нақтыланып, материалдар ұсынылғаннан кейін біз бұл әрекеттерге құқықтық баға береміз», – деді Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жеңіс Елемесов Сенат кулуарында.

Бұған дейін блогер Instagram желісінде ұтыс ойындарын өткізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылған.