$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді», - Президент

16.10.2025ж. 19:00
«Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді», - Президент

"Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді". Президенттің азаматтық форумға деген көзқарасы осындай.

Қазір елімізде 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.Оларды мемлекеттің сенімді серіктесі деуге толық негіз бар дейді Мемлекет басшысы. Жалпы форумға 700-ге жуық делегат қатысты. Олар қоғамдағы түрлі өзекті мәселелерді көтеріп, 20-дан астам тақырыптық панельдік сессияда пікір алмасты.

Бүгінгі Пленарлық отырыс Мемлекет басшысының құттықтау сөзімен ашылды. Мемлекет басшысының сөзін Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев оқып берді. Президент ұйым мүшелеріне шынайы ризашылығымды білдірді.

АРМАН ҚЫРЫҚБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КӨМЕКШІСІ:

Ортақ мүдде жолындағы осындай өзара тиімді ықпалдастық алдағы уақытта да жалғасын табады.Бүгінгі басқосуда айтылатын салмақты ой-пікірлер мен ұтымды ұсыныстар азаматтық қоғамды дамытуға тың серпін береді деп сенемін. Сәттілік тілеймін. Қасым-Жомарт Тоқаев.

Азаматтық қоғам 2003 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келеді. Содан бері бұл алаң азаматтық сектор мен билік арасындағы диалогтың нақты көрінісіне айналды. Биылғы жиында талқыланған тақырып ауқымды. Цифрлық ықпалдастық, инклюзия, қайырымдылық, медиа, жасанды интеллекттің қоғам өміріндегі рөлі, халықаралық әріптестік пен дипломатия.

ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Азаматтық сектор – өзекті мәселелерді шешуге атсалысатын, халықтың үнін, жұртшылықтың пікірін билікке жеткізетін белсенді орта деп білемін. Сонын бірі - бүгінгі дәстүрлі түрде өткізілген азаматтық форум. Осыған орам Мәжілістің және «Аманат» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов өздеріңізге ыстық ықыласы мен сәлемдемесін жолдады. Мені арнайы форумға жіберді. Төраға өз сөзінде бүгінгі өтіп жатқан  форумға елге қажет жасампаз ойлар мен салихалы пікірлер айтыларына сенімдімін.

Жиынға келгендер елдегі өзгерістер туралы тіс жармай кетпеді. Қабылданған заңдар, экономикалық даму көрсеткіштері талқыланды. Мемлекет басшысының реформаларын талдап, жүзеге асыру барысын пысықтады. Ең бастысы, елдің түкпір-түкпірінен келген үкіметтік емес ұйымдар, қоғам белсенділері мен мемлекеттік органдардың өкілдері мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестікті нығайтуға күш салу керегін айтты.

ЗАХИРА БЕГАЛИЕВА, ҚОҒАМДЫҚ ҚОР ДИРЕКТОРЫ:

Мүгедектігі бар адамдарға Қазақстанда көп нарсе жасалып жатыр. Мүгедектігі бар адамдар өздерінің сұрақтарын, өздерінің проблемалдарын айтса, министерствоға ғана жібереді. Негізі бұл бүкіл қоғамның көзқарасы болуы керек. 

Қазір елімізде 263 қоғамдық кеңес құрамында 4 мыңнан аса белсенді азамат еңбек етеді. Кейінгі үш жылда олар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты 9 мыңнан аса нормативтік-құқықтық актілер жобасын қарастырған. 2 100 мемлекеттік орган басшысының есебін тыңдалып, 820 қоғамдық тыңдау ұйымдастырылған.