$541.34 €640.73 ₽6.53
×

2050 жылы әрбір бесінші қазақстандық зейнеткер болады

2050 жылы әрбір бесінші қазақстандық зейнеткер болады

Қартайған шағында өз мәселесімен жалғыз қалған қарттар көп. Сенатор Айнұр Арғынбекованың айтуынша, елімізде егде жастағы адамдарға арналған қолдау жүйесі  әлсіз. Қазір 60 жастан асқан азаматтар халықтың 14 пайызы, ал 2050 жылға қарай әрбір бесінші қазақстандық зейнеткерлік жастан асады. Депутат қарттарға ұзақ мерзімді күтім көрсетудің бірыңғай жүйесін құруды ұсынды. Өйткені ауылда күндізгі орталықтар жоқ, патронаж қызметтері жеткіліксіз, ал әлеуметтік жұмысшылар тапшы. Соның салдарынан егде адамдарға күтім жасау міндеті көбіне отбасының мойнына түседі.

АЙНҰР АРҒЫНБЕКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Көптеген ересек балалар ата-анасына қарап, дәрісін уақытында береді, дәрігерге апарады, тамағын әзірлейді. Соның салдарынан жұмыс уақытын қысқартып немесе мансаптан бас тартуға мәжбүр. Сондықтан медициналық, әлеуметтік және қоғамдық қолдауды біріктіретін ұзақ мерзімді күтім жүйесін құру қажет. Бұл – қарттардың белсенді, ұзақ өмір сүруін қамтамасыз ететін маңызды қадам.

Алдағы уақытта блогерлердің заңсыз лоторея өткізуіне қатысты заң қатаңдатылуы мүмкін. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді. Қазір танымал блогерлердің бірі Ерболат Жанабылов пен жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс басталған. Агенттік өкілінің айтуынша, әзірге блогерлерге бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ, бірақ олар ел аумағында.

ЖЕҢІС ЕЛЕМЕСОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Материалдар бізге түсті. Қазір қылмыстық іс тіркелді. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы 1-бөлігі – заңсыз кәсіпкерлік бойынша жүргізіліп жатыр. Нәтижесін қосымша хабарлаймыз.