$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астық экспорты рекордтық көрсеткішке жетті

Астық экспорты рекордтық көрсеткішке жетті

Қазақстанның астық экспорты рекордтық көрсеткішке жетті. Өткен жылдың қыркүйегінен биылғы тамызға дейін елімізден 13,3 миллион тонна өнім шекара асқан. Бұл туралы Мәжілістің аграрлық комитет отырысында айтылды. Астық әлемнің 45 мемлекетіне жөнелтілген.Тасымалданған дақылдың басым бөлігі Орта Азия елдеріне тиесілі.  Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстан тарапынан сұраныс жоғары. Жеткізілген өнім 34 пайыз артқан. Қазақстан темір жолы компаниясы астықтарды шетелге шығару үшін вагондар саны жеткілікті екенін айтады. Қазір ұлттық теңгерімде 1700 локмотив, астыққа арналған 16300 вагон бар. Ал ұн тасымалдайтын вагондар саны 16 мыңнан асқан.

ҒАНИ ЕСЕНБАЕВ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ЖОСПАРЛАУ ДИРЕКЦИЯСЫ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Биыл 187 жаңа локомотив сатып алу жоспарланған, оның ішінде 62 маневрлік локомотив бар. Жалпы алғанда, жылжымалы құрам паркі астық тасымалына деген сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр. Көлік саласы жаңа астық өнімін толық көлемде тасымалдауға дайын, штаттық режимде жұмыс істеп, жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуде.