Астанада рухани келісім күніне орай "Рухани келісім - адам, табиғат және технология арасындағы үйлесімділіктің негізі" атты халықаралық конференция өтті. Іс-шара барысында жаһандық геосаяси шиеленістер мен экологиялық дағдарыстардың заманауи әлемдегі рөлі мен адамзаттың рухани-адамгершілік бағдарын сақтау мәселелері талқыланды.
КЕНЖЕТАЙ БАЙКЕМЕЛҰЛЫ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, НАИБ МҮФТИ:
Табиғи ресурстарды шектен тыс пайдалану, қоршаған ортаның ластануы, климаттық өзгерістер, биотехнология мен цифрлық әлемнің адам санасына әсері, мұның бәрі рухани адамгершілік бағдарының маңызын тереңдете түседі. Осындай жағдайда рухани келісім, адам мен табиғат, адам мен технология арасындағы үйлесімді қарым-қатынастардың басты тірегі болуға тиіс.
Жиын аясында конфессияаралық ынтымақтастық, рухани төзімділік пен диалог мәдениетін дамыту мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Конференция жұмысына мемлекеттік органдар, діни бірлестіктер, ғылыми сарапшылар және шетелдік делегаттар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
ДЖОРДЖ ПАНАМТУНДИЛ, ҚАСИЕТТІ ТАҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ – АПОСТОЛДЫҚ НУНЦИЙ:
Діндер - мейірімділік даналығының, ар-ұяттың тәртібі мен әрбір әрекеттің моральдық салмағы бар екендігін саралайды. Осындай құндылықтарды қайта жаңғырту арқылы біз технология мен табиғаттың бір-біріне қарсы емес, бірлесе отырып өмір сүруін қамтамасыз ете аламыз. Осылайша әр адамның қадір-қасиеті қорғалуы тиіс.