Өзбекстанда Қазақстанның медицина күндері басталды. Бұл жай ғана тәжірибе алмасу емес, дәрігерлердің кәсібилігі мен технологиялық мүмкіндігін көрсету.
Елдің жетекші ғылыми-медициналық орталықтарының дәрігерлер бригадалары Бұхара, Нүкіс, Самарқанд, Ферғана және Ташкент қалаларына барып, кеңес беру, күрделі интервенциялық ем-шаралар жүргізу, заманауи диагностикалық және емдеу әдістемелері бойынша тәжірибе алмасуда. Мұндай игі бастама ғылыми əлеуетті біріктіріп, аймақтық ынтымақтастықты дамытуға, Орталық Азия мемлекеттеріне ортақ медициналық кеңістік құруға жол ашады.
РҮСТЕМ ТӨЛЕУТАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Біздің институт осы жақтоа 12 шеберлік сабақ беріп отыр. Оның ішінде Қарақалпақстандағы Нүкүс қаласында диабет бойынша интервенцион кардиология бойынша содан кейін кеше Ферғана қаласында үлкен оталар өткізді, бүгінгі жағдайда Ташкент қаласында осы центрмен басқа да қосымша центрмен кардиология орталығында шеберлік сабақатары өтіп жатыр.