$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда “AMANAT” партиясы облыстық филиалына жаңа төраға сайланды

16.10.2025ж. 19:00
Павлодарда “AMANAT” партиясы облыстық филиалына жаңа төраға сайланды

Павлодарда “AMANAT” партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XLIII конференциясы өтті. Жиында филиал төрағасының өткен кезеңде атқарған жұмыстары бойынша есеп тыңдалды.  Күн тәртібі бойынша филиалды ұзақ жылдан бері басқарған Илья Теренченконың орнына  жаңа кандидат ұсынылды. Конференцияға қатысушылар өзара дауысқа салып, филиалдың жаңа төрағасын сайлады.  Бұл лауазымға кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты, “AMANAT” фракциясының мүшесі Асылбек Туғанбай лайық деп танылды. Ал филиалдың атқарушы хатшысы қызметіне облыстық мәслихат депутаты Николай Дычко тағайындалды. Шара барысында сөз алған “AMANAT” партиясының хатшысы Ержан  Жылқыбаев жаңа сайланған  филиал төрағасы мен атқарушы хатшының жұмысына сәтілік тіледі. Әрі алда атқарылар міндеттер  бойынша жауапгершілік жүктеді.

АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Саяси бюроның шешімімен Павлодар облыстық филиалдың төрағасы қызметіне кірісіп жатырмын бүгіннен бастап. Бұл үлкен абырой. Үлкен міндет. Сондықтан алдағы уақытта осы жауапгершілікті абыроймен атқаруға барлық күшімді салатын боламын. Осы жұмыстарды абыроймен сеніммен алып шығамыз деген ойдамын.