Алматы облысы Іле ауданында «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының бастамасымен «Әйел аманаты» атты іскер әйелдердің кездесуі өтті. Басқосуға өңірдің түкпір-түкпірінен 200-ден астам қыз-келіншек жиналды.
Олардың қатарында мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, көпбалалы аналар мен түрлі сала өкілдері бар. Кездесу барысында қоғамдағы әйелдердің рөлі, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, гендерлік теңдік, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және салық заңнамасындағы өзгерістер кеңінен талқыланды.
ЖЕҢІСГҮЛ ДӘУЛЕТОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
Зорлық зомбылық көріп азаматтарға қолдау деген сияқты, әртүрлі қолдауға мемлекеттік қолдауларға, кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлікке келу үшін мемлекеттік қаржыландыру гранттары бөлінетіні жайлы ақпараттар айтты.
Кездесу соңында пікір алмасу және сұрақ-жауап сессиясы өтті. Көптеген ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып, болашақта бірлесіп атқаратын жұмыстардың бағыттары айқындалды.
МЕРУЕРТ МОЛДАШЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ» ЖЕТЕКШІСІ:
Бүгінгі маңызды айтылатын әйелдер қанатының 10 негізгі басымдығы партия тарапынан жетекші әйелдер мүшелері тағайындалған. Әр бағыт бойынша жетекшілер үлкен халықпен кездесу жұмыстарын атқаруда.