$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада парафутболдан Қазақстан чемпионаты өтті

AstanaTV
16.10.2025ж. 19:00
Астанада парафутболдан Қазақстан чемпионаты өтті

Ауыр тағдырға мойымай, бойындағы дертті еңсеріп, теңбіл допты еркін теуіп, тіпті әлемдік деңгейде ел абыройын асқақтатып жүрген парафутболшылар бар. Дәл сондай спортшылар қатысқан футбол шарасы бүгін мәреге жетті.  Фестивальге церебралды сал ауруына шалдыққан футболшылар мен көру қабілеті шектеулі спортшылар қатысты. Үш күнге созылған додаға еліміздің әр аймағынан 13 команда  қатысып, жоғары деңгейде  ойын көрсетті. Жарыстар тек жеңіс үшін емес, сонымен қатар 2026 жылғы халықаралық турнирлерге қатысатын ұлттық құрамалардың сапына іріктеу мақсатында ұйымдастырылды.

ҚАНАТ АҚЫМБАЕВ, BLIND ФУТБОЛЫНАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ:

Бүгін ақтық сыңда, Жамбыл облысы, Тараз қаласының командасымен бәсекелестік, өкінішке орай негізгі уақыт қорытындысы бойынша жеңіске жете алмадық, бірақ ойыннан кейінгі пенальти сериясында жеңіске жеттік сүйтіп Қазақстан футбол федерациясы ұйымдатырған кубогын құдай қаласа бүгін қуанышпен жеңдік деп ойлаймын.