$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда студенттер Жайық жағасын тазалады

Атырауда студенттер Жайық жағасын тазалады

Атыраулық студенттер Жайық өзені жағасын тазалады. «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясына бұл жолы  40қа жуық  белсенді  қатысты. Олар қолдарына қап алып,  жағалаудағы тұрмыстық қалдықтардың түгін қалдырмай, жинап шықты. Тіпті  қармақ салып отырған балықшыларға да қоқыс тастамауға кеңес берді.  Соңғы уақытта қала тұрғындарының экологиялық мәдениеті едәуір қалыптасқан,- дейді шараны ұйымдастырушылар. 

ЖАРАС МҰХАМБЕТОВ, СТУДЕНТ:

Жылда біз келіп тұрамыз, тазалап тұрамыз жағаны. Мысалы, қазір мына жерде қағаздар мен пакет, баклажка секілді қоқыс заттарды тазалап жатырмыз. Біздің колледж әрдайым осындай акцияларға қатысып тұрады.

АБЫЛАЙ ҚҰРМЕТҰЛЫ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АОФ ТӨРАҒАСЫ:

«Ең таза жер – жиналған жер емес, шашылмаған жер»,- деп білеміз. Қазіргі таңда «Таза Қазақстан» идеологиясы бар, экологиялық мәдениетті апрттыру бар, соның нәтижесінде өзім байқағаным, соңғы 5-6 жылдықта қоғамның көзқарасы, экологиялық мәдениеті өте жоғары деңгейде қалыптасқан деп есепетймін. Бұл – біздің үлкен жеңісі деп есептеймін. «AMANAT» партиясының да үлесі бар.

Ал қызылжарлықтар  саябақты қоқыстан тазартты. "Таза бейсенбі" акциясы аясында қаланың қақ ортасындағы интернационал-сарбаздарға арналған ескерткіштің маңайы жиналды. Шараға жергілікті университет студенттері мен партия белсенділері де үлес қосты. Барлығы 50ге жуық адам жұмылдырылды.

АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ СҚОФ “БОЛАШАҚ” ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Біз бұл саябақта тек қоқысты ғана жинап қоймай, жаяу жүргіншілердің жолын сыпырып, қураған жапырақтарды жинадық. Осындай тазалық акцияларының арқасында біздің қаламыз көркейіп келеді. Мен ел халқын таза бейсенбі акциясына апта сайын қатысуға шақырамын. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.