«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде ауқымды шаралар Шымкентте де жалғасуда. Бүгін елдегі мегаполисте тазалық шаралары 5 ауданда қатар өтті. Тазалық жұмыстары барысында шағын аудандардағы орталық көшелердің бойы, көпшілік жүретін орындар, саябақтар, аулалар, арық-атыздар мен жаяу жүргіншілер жолдары қоқыстан тазартылды. Бей-берекет өскен шөптер орылды. Мұндай жұмыстар бірқатар көпқабатты үйлердің маңында да жүргізілді. Экологиялық акцияға қала тұрғындары, коммуналдық қызмет өкілдері, жастар мен адрагерлер де белсене қатысты. Осындай игі істің бірі Қызылжар тұрғын алабында өтті. Акцияға атсалысқан аға буын ардагерлер үйі жайғасқан бұл аумақты алдағы уақытта өздері гүлдендіріп, ағаш егіп, жайқалтамыз деп құлшынып отыр.
СМАЙЫЛ СЕЙТІМОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Тазалық акциясын бір әрдайым қолдаймыз. Осының арқасында біздің қаламыз жақсы көгеріп, көркейіп, өсіп жақсы боп жатыр. Бұл тазалық келешек жас ұрпаққа өте бір жақсы тәрбие беретін маңызы бар іс-шара. Тазалық болған жерде мысалы денсаулық болады, бәрі болады.