$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ШҚО-да көршісі өртеніп жатқан үйден екі баланы құтқарып қалды

16.10.2025ж. 16:49
ШҚО-да көршісі өртеніп жатқан үйден екі баланы құтқарып қалды
Фото: Karandaschov Petr

Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауданына қарасты Черемшанка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан үйдің шатыры, жиһаздары мен жеке заттары зақымданған.

Оқиға кезінде үйде ата-ананың қарауынсыз төрт бала болған. 2012 және 2019 жылы туған екі үлкен бала өздігінен сыртқа шығып, көмек сұрап, көрші үйге жүгірген. Көршісі Дмитрий Недозрелов жанып жатқан үйге кіріп, іште қалған 2021 және 2023 жылы туған екі сәбиді құтқарып қалды.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндіру қызметі жалпы ауданы 45 шаршы метрді құраған өртті сөндірді.