Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Astana TV.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,6 теңгеге арзандап, 537,84 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 539,56 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 537,46 теңгеден сатып алынады, 539,52 теңгеден сатылады. Еуро 625,34 — 629,39 теңге, ал рубль 6,71 — 6,83 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 76,10 теңгеден сатып алынады, 78,61 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 536,43 теңгеден сатып алынады, 542,44 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 624,53 теңге, сату — 632,59 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,65 теңге, сату — 6,80 теңге.
— юань: сатып алу — 76,01 теңге, сату — 79,88 теңге.