$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Батыс Қазақстанда 2 мыңдай адамды ит пен мысық тістеген

16.10.2025ж. 18:12
Батыс Қазақстанда 2 мыңдай адамды ит пен мысық тістеген
Фото: Pexels

Өткен жылдың тоғыз айымен (1 959) салыстырғанда, жарақат алғандар саны 131-ге өскен, деп хабарлайды Astana TV.

Соның ішінде 1 434 адамды ит қапса, 563-ін мысық тістеген. Оған қоса бесеуі жылқы, 12-сі ірі қара, 76 адам басқа жануарлардан зардап шеккен. Облыста адамдар арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ, — деді Н.Мұстаев.

БҚО ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиевтің айтуынша, жыл басынан бері 5 371 бұралқы ит пен мысық ауланған. Соның ішінде 2 438-і биостерилизациядан кейін мекендеу ортасына кері жіберілсе, 2 933-і тұрғындардың өтініштері негізінде жансыздандырылды. 

Қазіргі таңда дерекқорда облыс бойынша 27 642 ит пен мысық тіркелсе, соның 6 545-інің иесі бар. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жануарларды күтіп ұстау және серуендету қағидаларын бұзғаны үшін жергілікті полиция қызметкерлерімен 175 әкімшілік хаттама толтырылып, 3,6 млн теңге айыппұл салынды, — деп қосты А.Бралиев.