$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Зейнетақы қорынан 46 млрд теңге ұрлаған күдікті Ресейге қашып бара жатқан жерінен ұсталды

16.10.2025ж. 18:37
Зейнетақы қорынан 46 млрд теңге ұрлаған күдікті Ресейге қашып бара жатқан жерінен ұсталды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенаттағы брифинг барысында жалған стоматологиялық клиникалар арқылы зейнетақы жинақтарын заңсыз шығару ісін тергеу барысын баяндады, деп хабарлайды Astana TV.

Оның айтуынша, күдіктілердің бірі Ресей шекарасында ұсталып, сот оны қамауға алу туралы санкцияны растаған. Тергеу барысында ер адам төрт жалған стоматологиялық клиника ашып, солар арқылы ірі көлемде қаржы аударғаны анықталған.

«Екі өзге фигурант, алдын ала мәлімет бойынша, елден кеткен. Олар оралған жағдайда ұсталады», – деді Елемесов.

Тергеу мәліметінше, бұл істе шамамен 50 адам бар. Олардың қатарында Ақтау мен Атыраудағы жалған стоматологиялық клиникалардың басшылары мен қызметкерлері бар. Тергеу нұсқасы бойынша, дәл осы клиникалар арқылы ұрланған зейнетақы қаражаты медициналық қызмет көрсету түрінде заңдастырылып шығарылған.