Астанада кешкі уақытта мас күйінде көлік жүргізген ер адам камера арқылы анықталып, қолға түсті, деп хабарлайды Astana TV.
Жағымсыз оқиға 14 қазан күні болды. Бауыржан Момышұлы көшесінде тәртіп сақшылары Chevrolet Ravon автокөлігін тізгіндеген 27 жастағы жүргізушіні тоқтатты. Ол рөлде мас күйінде болып, жолда бордюрге соғылған.
«Медициналық сараптама ер адамның ағзасында алкоголь барын растады. Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды. Жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа эвакуацияланды. Құқық қорғау органдары еске салады: көлікті мас күйінде басқару – заңды өрескел бұзу ғана емес, сонымен қатар жүргізушінің де, жолдағы өзге қатысушылардың да өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді», – делінген қалалық ПД хабарламасында.