Республикалық маңызы бар «Қалбатау – Майқапшағай» (906-1321 шақырым) автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Astana TV.
Ұзындығы 415 шақырымды құрайтын учаскеде көлік қозғалысы толық ашылды. «ҚазАвтоЖол» мәліметінше, қайта жаңарту аясында 37 көпір, 2 жол өткелі, 2 көлік айрығы, 349 су өткізу құбыры, 5 демалыс алаңы және 2 санитарлық-гигиеналық торап салынды.