Балқаш қаласының Ә.Бөкейханов көшесінде 1970 жылы туған ер адам абайсызда тереңдігі 4 метр ашық құдыққа құлап түсті, деп хабарлайды Astana TV.
Оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем бригадасына зардап шегушіні алып шығу үшін көмек қажет болды.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел оқиға орнына келіп, адамды құдықтан шығарып, дәрігерлерге тапсырды.
ТЖМ мынаны еске салады: