Өскеменде жылу 10 пайызға арзандады. Тұрғындар бұған дейін бір гигакалорияға 4700 теңге төлеп келсе, енді 4200 теңгеден төлейді, деп хабарлайды Astana TV.
Тариф табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті басшылығының бұйрығы негізінде төмендетілді. Енді «Шығыс жылу» мекемесі жаңа тариф бойынша төлем алады. Жаңа тариф келер жылдың аяғына дейін жарамды.
Ыстық сумен жабдықтау үшін алынатын тариф те 10 процентке азайды.